Су тасқыны. Министр Шарлапаев баспана құрылысын қыркүйектің соңына дейін аяқтауды тапсырды

1224
Adyrna.kz Telegram
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Министр су тасқыны кезінде баспанасыз қалған тұрғындар қыста далада қалмайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Үкімет отырысынан кейін брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

«Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында – 775, Ақмола облысында – 331, Ақтөбе облысында – 504, Атырау облысында 100 үй салып жатырмыз. Менің ойымша, қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстарының 80 пайызын аяқтаймыз. Бірнеше нысанның құрылысы 15-20 қыркүйекке дейін созылуы мүмкін. Басты мақсатымыз – қыркүйектің соңына дейін құрылысты толық аяқтау», - деді БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр.

Министр дерегінше, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 60 үйдің Сырым ауданында 14 үйдің құрылысы толықтай аяқталған.

«Ақтөбе облысындағы жағдай жаман емес. Тек бір ауылда қиындық бар. Ол аудан орталығынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа орында Нұра ауылының үйлерін салып жатырмыз. 15-20 қыркүйекке дейін құрылысты аяқтаймыз», - деді Қанат Шарлапаев.

Министр суықта халықтың баспанасыз қалмайтынын айтты.

Пікірлер