Париж Олимпиадасының соңғы күні. Кімдер жарыс жолына шығады?

1384
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.org
Фото: olympic.org

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Соңғы жарыс күнінде екі спортшымыз жүлдеге таласатын болады. 

Марафон. 42 км. Финал
11:00. Жанна Мамажанова

Еркін күрес. Жұбаныш белдесуі (97 кг)
14:30.  Әлішер Ерғали – Әмірәли Азарпира

Ал түнде Париж Олимпиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында бірнеше жүлде бар. ДзюдошыЕлдос Сметов Олимпиада чемпионы атанып, алтын алды. Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп, жанкүйерлерін қуантты.

Сондай-ақ, Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін, қоланы мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада еліміздің спортшысы Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында қайсарлығымен көзге түсіп, көрермен көзайымына айналған Назым Қызайбай қола алды. Балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

 

Пікірлер