Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасында жүлдеге қол жеткізген спортшылар мен бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілеп, ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовтің жеңісіне ерекше тоқталып, құттықтады.
Одан бөлек, тартысты бәсекеде ел намысын қорғағандар мен бапкерлерді марапаттады.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында жүлдеге ілінген 3 спортшыдан COVID-19 анықталды. Бұл ақпаратты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті растаған болатын.