Париж Олимпиадасы. Паралимпиадада ел туын кім ұстайды?

1379
Adyrna.kz Telegram

Франция астанасы Париж қаласында өтетін Паралимпиада ойындарының салтанатты ашылу кешінде Қазақстан туын кімдер алып шығатыны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Паралимпиада ойындарында ел туын волейбол спортшысы Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуші Севда Алиева ұстап шықпақ.

Еліміз пара спортшылар Олимпиада ойындарына осымен сегізінші мәрте қатысқалы отыр.

Париж Паралимпиадасына Қазақстан құрамасы 33 лицензия жеңіп алған болатын. Оның ішінде спорттың 9 түрінен: пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара дзюдодан 44 спортшы бақ сынайды.

Пікірлер