2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, өзбек дзюдошысы Диёра Келдиёрова өзі бақ сынаған кимоносын Халықаралық Олимпиада комитетінің мұражайына сыйға тартты. Бұл туралы Өзбекстан ҰОК сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Байқаудың бас баспасөз орталығында осы оқиғаға арналған конференция өтті.
Конференцияға Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, ҰОК бас хатшысы Ойбек Касимов, сондай-ақ Халықаралық Олимпиада комитеті мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Келдиёрова жазғы Олимпиада ойындарында алтын медаль алған алғашқы өзбек спортшысы.