Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасында жарыстан шеттетілді

1486
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Париж Олимпиадасын аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Спортшы жеңіл атлетикадан сайысқа түскен болатын.

Ефремов 6 тамыз күні 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жұбаныш айналымына қатысты. Алайда, қазақстандық атлет фальстарт жасағаны үшін жарыстан шеттетілді.

Осылайша, Давид Ефремов Париж Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Айта кетейік, фальстарт - спортшы бәсекені басқа қарсыластарынан бұрын бастап кетуі.

Пікірлер