Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасында жарыстан шеттетілді

2246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/whatsapp-image-2024-08-06-at-15.33.59.jpeg
Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Париж Олимпиадасын аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Спортшы жеңіл атлетикадан сайысқа түскен болатын. Ефремов 6 тамыз күні 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жұбаныш айналымына қатысты. Алайда, қазақстандық атлет фальстарт жасағаны үшін жарыстан шеттетілді. Осылайша, Давид Ефремов Париж Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, фальстарт - спортшы бәсекені басқа қарсыластарынан бұрын бастап кетуі.
Комментарии
Другие материалы