Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Париж Олимпиадасына қатысатын спортшылардың толық тізімін шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Әлемдік рейтингінің қорытындысына сәйкес, биылғы жылдың басты додасында ел намысын 7 атлет қорғайды. Олар:
Жанна Мамажанова (марафон);
Нора Джеруто (3000 м кедергілермен);
Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
Давид Ефремов (кедергілермен 110м);
Ольга Сафронова (200м);
Дэйзи Джепкемей (3000м кедергілермен, 10км);
Елизавета Матвеева (биіктікке секіру).
Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасы аталған сынға 80-нен астам жолдама иеленді. Ал, жалпы Франция астанасында алауы тұтанатын жарысқа әлемнің 200-ге жуық елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада спорттың 32 түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Бұл – Париж Олимпиадасы Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиадасы болмақ. Сондай-ақ Еуропа құрлығында үшінші рет (Афина, Лондон, Париж) бақ сынайды.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.