Журналист Думан Мұхаммедкәрім жеті жылға түрмеге кесілді

1920
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қонаев соты "экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді кінәлі деп танып, жеті жыл түрмеге кесті. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Азаттық сайтына сілтеп.

Одан бөлек, сот журналиске үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды.

"Үкімді міндетті түрде апелляцияға береміз. Қазір Думанды Талдықорғанға әкетеін деп жатыр", деді адвокат Азаттыққа.

Ақпаратқа сәйкес, сот үкімі онлайн оқылды, оған ақапарат құралдары мен жақтастары қатыса алмады. Тараптардың өздері Zoom-мен қатысқан.

Айта кетсек, бұған дейін прокурор журналисті жеті жылға бостандығынан айырып, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұраған еді.

Думан Мұхаммедкәрім саяси ортада Қаңтар оқиғасынан кейін кеңінен таныла түсті. Ол – кемі 238 адамның өмірін қиған қырғын кезінде Алматыдағы дүрбелең ошағынан хабар таратқан болатын.

Пікірлер