Таразда отбасылық жанжал екі адамның өлімімен аяқталды

1216
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында ер адам әйелімен жанжалдасып, үйді өртеп жіберген. Өрт салдарынан әйел қайтыс болып, ал күйеуі өртенген үйден алыс емес жерде өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға Таразда болды. Ресми деректерге сәйкес, 54 жастағы ер адам тұрмыстық келіспеушілік негізінде әйелімен жанжалдасып, үйді өртеп жіберген.

«Әйел күйік шалып, ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға болған жердің маңында өлі табылды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Пікірлер