АҚШ-та «отбасылық жанжал» қайғылы аяқталды. 8 бала қаза тапты

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hpQrI2BafoaaMgeKaX0fWpVUKvzDjMAcRTxFdkrC.jpg

АҚШ-тың Луизиана штатының Шревепорт қаласында атыс болып, 8 бала мерт болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 19 сәуір күні таңертең болған. Полиция дерегінше, сегіз баланың жетеуі шабуыл жасаушының туған балалары болған.

Атыстан кейін жеке басы әлі анықталмаған күдікті көлікті айдап әкетіп, қашуға тырысқан. Алайда ол қуғын кезінде полицейлердің қолынан қаза тапқан.

Тағы екі адам оқ жарақатын алған, олардың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

«Біздің ойымызша, оқты ер адамның жалғыз өзі атқан»,- деді жергілікті полиция өкілі Крис Борделон.

Ол бұл оқиғаны «отбасылық жанжал» деп атады.

Пікірлер