Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Париж олимпиадасының 1/4 финалына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
51 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан спортшы түркиялық Самет Гумушті жеңді.
Келесі кезеңде отандасымыз Хасанбай Дусматов (Өзбекстан) пен Хуанма Лопес де Хесус (Пуэрто-Рико) арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.