Мәжіліс депутаты Парижде белдескен Әбибаға сыйақы бермек

3377
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Парламент мәжілісінің депутаты жүлде ала алмаған Әбиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров осы шешімін туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Татамиде белдескен Әбиба Әбужақынованың өнеріне депутат риза болғанын айтты. Ол Париж төрінде өнер көрсеткен қазақ қызының тәрбиесі мен тектілігіне таңданғанын да жасырған жоқ.

"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, қазақтың жігіттері!", -деді Айдарбек Қожаназаров.

Пікірлер