Дәрі-дәрмек 2000 пайызға қымбат! Қазақстанда жаңа жанжал тұтанды

2237
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық аудиторлар елде қажетті дәрі-дәрмек бағасының ондаған есе қымбаттағанын анықтады.

Осыған байланысты денсауминде (денсаулық сақтау министрлігінде) қызметінен кеткендер бар.Осы мәселе туралы толығырақ «Неміс толқыны» - DW жасаған шолуда айтылады.

Қазақстанда 15 шілдеде өткен тек президентке бағынатын жоғары аудиторлық палатаның отырысында белгілі болғаннан кейін жаңа орасан зор жанжал туындады. Осы отырыстан кейін кейін жергілікті БАҚ 2022-2023 жылдар кезеңінде дәрілік препараттарды сату аудитінің қорытындылары туралы барлық жаңа мәліметтерді жариялады. Нәтижесінде халық үшін маңызды дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің бағасы ондаған есе қымбаттағаны белгілі болды.

ДЕНСАУМИНГЕ ШАҒЫМДАР

2022-2024 жылдар аралығындағы премьер-министр қызметін атқарған жоғарғы аудиторлық палатасының басшысы Әлихан Смайылов денсаумин өкілдерінен «Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағаларды белгілеу әдістемесін бағаны жүздеген пайызға көтеруге болатындай етіп әзірледі. Баға белгілеу дұрыс жүргізілмеген. Неліктен басқа елдердегі бағаға талдау жүргізілмеген?» - деп сұрады.  

Оның ашулы реакциясына аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Қаскиннің денсаулық сақтау министрлігінің құжаттарын талдау барысында фармацевтикалық өнімдердің айналымына қатысты 36 жүйелік кемшілік анықталғанын, сондай-ақ Қазақстандағы фармацевтика саласын дамытуда кешенді көзқарастың жоқтығын айтқан баяндамасы себеп болды. Қаскиннің айтуынша, бұл қазақстандық фармацевтикалық зауыттардың дәрі-дәрмектерді өндіру кезінде жергілікті шикізатты іс жүзінде пайдаланбауына, әлі күнге дейін шет елден әкелінетін компоненттердің сапасына қойылатын талаптың болмауына әкеп соқтырды.

Қазақстанның жоғары аудиторлық палатасы дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдардың бағасын мемлекеттік реттеудегі кемшіліктерге деназар аударды. Оларға шекті бағалар "пайызға пайыз" қағидаты бойынша қалыптасатыны айтылды. Бұл дәрі-дәрмек бағасын өндіруші зауыттардың сату бағасынан 172 пайызға жоғары қоюға мүмкіндік береді. Мемлекеттік реттеу фармацевтикалық өнім өндірушілердің бағасымен салыстырғанда халыққа 2000 пайыз үстеме бағамен сатылатын тіркелмеген дәрілік заттарға қолданылмайды.

Жоғары аудиторлық палатасында денсаумин бөлімшесі - "СК-Фармация" ЖШС-не қатысты шағымдар бар. 2009 жылы құрылған бұл компания мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек аясында Қазақстан халқын дәрілік заттармен қамтамасыз ететін бірыңғай дистрибьютор. 2013 жылдан бері "СК-Фармация" денсауминге қарасты болғанына қарамастан, ел арасында оны бұрынғы президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың құрылымдары бақылайды деген пікір таралған.

Отырыста «СК-Фармация» қызметін тексеру барысында  бұл компания жеткізетін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасының 40 пайызға өсуіне, ал тіпті нарықтағы бағамен салыстырғанда 365 пайызға, жалпы сомасы 8 млрд теңгені (шамамен 15,5 млн еуро) құрайтын «баға белгілеу механизміндегі кемшіліктер» анықталғаны айтылды.

Сонымен қатар, аудиторлар "СК-Фармация" компаниясының медициналық ұйымдар үшін 5,5 миллион еуроға жуық қажетсіз препараттарды сатып алғанын және оның логистикалық инфрақұрылымының жоқтығын анықтады. Бұл да дәрі-дәрмектің түпкілікті бағасына әсер етеді. Жалпы, бюджеттің ықтимал шығыны 21,7 миллиард теңгені (42 миллион еуродан астам) құрайды.

ДЕНСАУМИН СОНДА НЕ ДЕДІ?

2024 жылдың ақпанына дейін парламент депутаты болған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аудиторлардың қорытындыларына күмән келтірмеді. Сондай-ақ, ол тиісті тексеру жүргізуге уәде берді.

- Бүгінде жұмыс тобы құрылды, енді 6,5 мыңнан астам дәрі-дәрмек баға бойынша тексерілетін болады. Жыл соңына дейін біз тегін медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандырудың кепілдік берілген көлемі аясында да, көтерме және бөлшек сауда сегментінде де белгіленген бағалардың барлық ауқымын қайта қараймыз деп ойлаймын, - деді Қазақстанның денсаумині.

Денсаулық сақтау министрлігі қорытынды жасауды кешіктірген жоқ. 17 шілдеде қазақстандық БАҚ «СК-Фармация» компаниясы дәрі-дәрмек өндірушілерімен тікелей келісім-шарттар жасау құқығын алғаны және жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, тауарларды жоспарлау мен бөлу жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйені құрғаны көрсетілген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасын таратты. Сонда денсаулық сақтау министрлігінің кейбір басшыларының қызметтен кеткені туралы да хабарланды. Алайда, олардың лауазымдары мен аты-жөндері көрсетілмеген.

КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аты-жөнін атамауды сұраған денсауминнің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері DW басылымына дәрі-дәрмектің неліктен қымбаттап жатқанын және Қазақстан оларды елден тыс және ішкі сатып алу кезінде  қандай қиындықтарға тап болатынын айтып берді.

- Біріншіден, Қазақстанда валюта бағамы тұрақсыз. Мысалы, теңгенің Еуроға бағамын алайық. 2022 жылғы желтоқсанда бір еуро 484 теңге, 2023 жылғы желтоқсанда - 493 теңге болды. Ал жыл басында дәрі-дәрмек сатып алуға ақша тек теңгемен беріледі. Екіншіден, фармацевтикалық нарық, айталық, электроника нарығы сияқты жұмыс істемейді. Бастапқыда барлығы 20 жыл  патенттік қорғауда болатын түпнұсқа препараттарды сатып алады. Түпнұсқа препараттарды өндірушілер өздерінің әдістеріне сүйене отырып, әр ел үшін әр түрлі бағаларды белгілейді. Мысалы, Грузия немесе Украинада баға Қазақстанға қарағанда үш есе төмен. Батыс компанияларының басшылығымен тікелей байланыс жасау арқылы бағаны төмендетуге болады, бірақ 10 пайыздан аспайды, - деді Қазақстан денсаулық министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері.

Оның айтуынша, тек генерик шығаратын компаниялар арасында бәсекелестік бар.

- Біз Үндістан, Пәкістан, Түркия компаниялары туралы, сондай-ақ алдыңғы кезеңде дәрі-дәрмектерін ұсынған түпнұсқа өндірушілердің өздері туралы айтып отырмыз. Соңғы айтылғандар дәрігерлермен тікелей жұмыс істейді. Олар өз пациенттеріне Үндістан немесе Түркиядағы абсолютті аналогтарынан 2-3 есе қымбат тұратын«түпнұсқаларды» ғана сатып алуға кеңес береді. Бұл ретте біз елімізде адамдар орташа табыста өмір сүреді деп есептейтін Қазақстанға қатысты ортақ компаниялардың өзара сөз байласуына бірнеше рет назар аудардық. Егер олар өзара келісе алмаса ғана, Қазақстанның олармен бағаны төмендету туралы сауда жасауға мүмкіндігі болады. Бұл әрдайым бола бермейді. Көбінесе бір ғана компания өз препараттарын сауда-саттыққа шығаруға келіседі, соның салдарынан "бір көзден" сатып алу орын алады немесе тендер мүлдем бұзылады, өйткені ұзақ келісімшарт жасасушы Қазақстанмен ұлттық валютаның тұрақсыз бағамына байланысты ешкім жұмыс істегісі келмейді,- деп атап өтті DW сұхбаттасушысы.

Жергілікті дәрі өндірушілермен де осындай қиындықтар бар. Әңгіме барысында денсаулық министрлігінің бұрынғы шенеунігі олардың бірнешеуімен белгілі бір бағамен дәрі-дәрмек сатып алу міндеттемесімен он жылға келісімшарттар жасалғанын айтты. Бірақ әлемдік нарықтағы бағалар үнемі өзгеріп отырады. Соған байланысты Қазақстанда шығарылған шартты таблетка Үндістан немесе Украинадағы аналогынан қымбат болған жағдайлар да бар.

- Денсаулық сақтау министрлігінің жағдайды өзгерту әрекеті нәтиже бермеді. Мен жоғары лауазымды шенеуніктердің басшылыққа телефон соғып елдің инвестициялық тартымдылығы туралы ойлануды және жергілікті өндірушілерге қысым жасамауды талап еткен бірнеше оқиғаны білемін. Бұл жерде жемқорлық бар ма? Мұны айту қиын, әрине. Шындық осылардың ортасында, - деді денсауминнің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері.

БӘРІ ЕСКІ СХЕМА БОЙЫНША МА?

Жоғарғы есеп палатасы отырысының қорытындысы туралы «Бұл ескі схемаларға ұқсайды», - дейді өзінің фамилиясын айтпауды өтінген Александр есімді неміс фармацевтикалық компанияларының бірінің Қазақстандағы филиалының бұрынғы қызметкері. Оның пікірінше, халықтың құжаттарға қолжетімділігінің жоқтығы денсаулық сақтау министрлігі қандай заң бұзушылықтарға жол бергенін және бар-жоғын анықтауға мүмкіндік бермейді.

- Барлық ірі еуропалық фармацевтикалық компаниялар өздерінің дәрі-дәрмектерінің бағасын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша үнемі қадағалап мониторинг жүргізіп отырады деп айта аламын. Олардың негізсіз өскенін байқаған бойда дереу жауапты органдарға хабарлама жібереді, - деді Александр DW басылымына берген сұхбатында. Сонымен қатар, ол дәрі-дәрмек сатуға қатысты әңгімелердің барлығы шенеуніктер арасындағы қаржылық ағындарды бақылау күресіне қатты ұқсайтынын да айтты.

Оның пікірінше, қазіргі жанжал 2017 жылғы «фармацевтердің ісіне» өте ұқсас, сол кезде жойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері «СК-Фармация» компаниясының бірнеше жоғары лауазымды қызметкерлерін фармацевтикалық компаниялармен картелдік келісім жасады деген күдікпен тұтқындады.

- Сол уақыттағы фармация комитеті басшысының міндетін атқарушы Лариса Пак бірнеше рет пара алғаны үшін үйқамаққа алынды. Бірақ оның ісі сотқа жеткен жоқ. Кейінірек, ол қайтыс болғаннан кейін, оның күнәсіз екені және істің ойдан шығарылғаны белгілі болды, - деп естеліктерімен бөлісті Александр.

Анатолий Вайскопф

Пікірлер