“Жаңа Өзбекстанның тарихында қалдың”. Президент чемпионды қалай құттықтады?

1694
Adyrna.kz Telegram

Шавкат Мирзиёев Өзбекстан спортшысы Диёра Келдиёрованы алтын медалімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Шавкат Мирзиёев Диёра Келдиёрованы 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын медалімен құттықтады. Мемлекет басшысы оның ата-анасы мен жаттықтырушыларына алғыс айтты.

Президент спортшыны тарихта алтын әріптермен қалғанын айтты. Себебі Келдиерова жазғы Олимпиада ойындарынан Өзбекстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы.

«Мен қарсыластарымның әрқайсысы ең мықты болатынын білдім. Мен мықтыны жеңгенше мықты бола алмайтынымды жақсы түсіндім. Артымда бүкіл Өзбекстан халқы, Өзбекстанның барлық дзюдошылары тұрғанын сезіндім. Мен құрметті президентімізге еліміздегі әйелдер спортына көңіл бөліп отырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді ол.

Пікірлер