Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасындағы жолын жеңіспен бастады

1648
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Париж Олимпиадасында шаршы алаңға шыққан былғары қолғап шебері Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық спортшы бірінші жекпе-жегінде испандық Ойер Ибареччемен қарсылас болып, үш раундта да басым түсті.

Келесі кезеңде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Азиаданың күміс жүлдегері атағына ие тайпейлік Чу Ен Лаемен жұдырықтасады.

Пікірлер