Спортшы - діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам

4316
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бекболат Тілеуханның парақшасынан
Фото: Бекболат Тілеуханның парақшасынан
Қазақстандық спортшылардың басым көпшілігі "дінді пиар" ретінде пайдаланып жатқаны туралы айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл тақырып Facebook желісінде жиі талқыланып жатыр. Ербол Жанатұлы:
"Ердос кеше "Олимпиада чемпионы болу тағдырыма жазылған екен" деді. Үндемедік. Себебі ол - чемпион. Ал біздің санамыз атақты мен билігі бар адамды сынай алмайды.
Асланбек жеңіліп қалғанда "Аллаһтың қалауы солай болды" деді. Сынадық. Себебі біздің санамыз әлсіз бен жеңілгендерді таптап өтіп, үстіне жуынды құйып кетуге бейім.
Танымал спортшыларды "қаба сақал, қырма мұрт" қауым құшағына басып алғаны ешкімді алаңдатпайды.
Мемлекеттің, салық төлеушілердің қаржысымен бала кезден бапталып, биікке жеткен спортшы - халық өкілі, халық перзенті. Ондай дайын "өнімді" Бекболат, Мұхаметжандар өз "дінінің" пиарына пайдаланып жатқанына мән бермейміз", - деп жазды ол.
Одан бөлек, желідегі парақшада бұл жас спортшыларға кішігірім "месседж" екені де айтылған.
"Бұл — жас спортшыларға жасырын месседж. "Біздің діндегілер ғана осындай жетістікке жетеді" деген ым. "Мықтылардың бәрі біздің қатарымызда!" деген ишара.
Ал, спортшы - көбіне мұндайлардың ара-жігін ажырата алатын сана иесі болмайды. Спортшы - көп шыныққан дене, тәсілдерді көп қайталап, бапталған тән иесі. Оның 24 сағатының көп бөлігі физикалық дайындыққа жұмсалған.
Спортшы - діни идеологиялардан қорғауға мұқтаж адам!
Жат діни идеологиядан бәрімізді қорғаушы - мемлекет!
Жағдай осындай", - делінген жазбада.
Одан бөлек,  Алмагүл Исина да спортшының БАҚ өкілдеріне берген жауабын сынады.
Желідегі оқырмандар "Өте дұрыс. Біз мұсылманбыз, бұйыртса деп сөйлеген дұрыс" деп жазса, ендігі бірі "спортшы болғаннан соң дінге қатты байланбау керек" деген сынды пікір білдіріп жатыр.
Пікірлер