Легионерге мемлекет бюджетінен қаржы бөлінбейді

1476
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Елімізде өзге елден келген легионерлер спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынатын болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Енді кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасына сәйкес кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Министрлік дерегінше, бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады.

Одан бөлек, заң жобасында өзге өзгеріс бар. ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

"Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз", – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Пікірлер