“Жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор”. Демеу Жадыраев жұбайы туралы айтты

1482
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ұлттық арнаға берген сұхбатында өзінің жары туралы айтып, көпті сүйсінтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп.

Спортшы келіншегінің әрдайым қолдау көрсетінін айтып, жұбайына тікелей эфирде алғысын білдірді.

«Мені осы жетістікке жетуіме әйелімнің қосқан үлесі зор. Әрқашан қолдап, маған сенді. Өте көп көмектесті, алғысымды білдіремін. Әрдайым түсіністікпен қарайды. Мені жігерлендіреді, көп қолдау білдіреді. Керек кезде дөп тигізіп, жадыратып жіберетін кездері бар», – дейді Демеу Жадыраев.

Пікірлер