Қазақстан Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне қанша теңге береді?

1880
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.org
Фото: olympic.org

Қазақстанда Олимпиададан жүлде алып келгендер қомақты қаржы иеленеді. Сыйақы спортшылардың алған жүлдесіне байланысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстанда Олимпиададан алтын алғандарға 250 мың доллар береді. Ол ел ақшасына шаққанда шамамен 118 миллион теңгені құрайды.

Күміс жүлдегерлер мемлекеттен 150 мың доллар, ал қола иеленгендер 75 мың доллар алады.

Сондай-ақ, елімізде 4, 5, 6-орын алғандарға 30, 10, 5 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, бүгінде ел қоржынында Париж Олимпиадасынан 1 алтын, 1 қола бар.

Пікірлер