Қазақстан Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне қанша теңге береді?

3696
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/9cd29bd6-cf09-4528-a4ad-a7fc82ecdcd8-960x500.jpeg?token=45c42953273b28516c4f73d16be161c4
Қазақстанда Олимпиададан жүлде алып келгендер қомақты қаржы иеленеді. Сыйақы спортшылардың алған жүлдесіне байланысты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қазақстанда Олимпиададан алтын алғандарға 250 мың доллар береді. Ол ел ақшасына шаққанда шамамен 118 миллион теңгені құрайды. Күміс жүлдегерлер мемлекеттен 150 мың доллар, ал қола иеленгендер 75 мың доллар алады. Сондай-ақ, елімізде 4, 5, 6-орын алғандарға 30, 10, 5 мың доллар сыйақы қарастырылған. Айта кетейік, бүгінде ел қоржынында Париж Олимпиадасынан 1 алтын, 1 қола бар.
Комментарии
Другие материалы