Балалардың тілі неге орысша шығып жатыр? - сұхбат

3457
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында ашық сұхбаттың кезекті бөлімі жарияланды.

Сұхбаттың спикерлерлі Тіл белсендісі, орыстілділерге мемлекеттік тілді үйрететін «Мәміле» клубының жетекшісі Қанат Тасыбеков пен тіл маманы Қуаныш Жұмабек.

Олар қазақ тілінің қазіргі ахуалын талқылады. Алғаш тіл туралы заң қабылдағаннан бері 35 жыл өткен. Сөйтсе де қоғамда мемлекеттік тіл мәселесі әлі де өткір тұр. Оның себебі неде, талапты неден бастау керек?

Сұхбат сарапшылары осы мәселені талқылайды. Балалардың тіл тәрбиесі, шеттегі қазақтардың тілі жайында да ой бөліскен мамандар қоғамды сөз бен істің бірлігіне шақырады. Бар заңның жұмыс істемеуі, немесе сол заң талабын орындамау үйреншікті әдет болмауы керек. Сарапшылар БАҚ редакцияларында қалыпты жайға айналған екі тілдегі екі бөлек редакциядан да бас тартқан жөн деген ұсыныс айтады.

Пікірлер