Астанада “Жасыл ел — болашақ үшін” шарасы өтті

1477
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yXBQ88iZlNnoyIzVfagklCMGac8tW3QvFBFvSLyP.jpg

Елордада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған “Жасыл ел — болашақ үшін” атты ауқымды шара өтті. Шараны Астана қаласы Сарайшық ауданы әкімдігі ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары, балалар мен ата-аналар қатысып, табиғатты қорғау және экологиялық сауаттылық жөнінде пайдалы ақпарат алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама қоғамды жасыл өмір салтына баулуды, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруды және экологиялық жауапкершілікті күшейтуді мақсат тұтады.

Бағдарлама барысында қатысушыларға арнап түрлі ойын-сауық қойылымдары, қызықты шеберлік сабақтары, танымдық викториналар ұйымдастырылды. Балалар түрлі жарыстарға қатысып, ойын ойнап, викторинада білімін шыңдады. 

Шара аясында табиғатты қорғау бойынша еріктілер қозғалысының маңызы ерекше аталып өтілді. Сондай-ақ, жас буын өкілдеріне қоршаған ортаны аялаудың қарапайым әрі тиімді жолдары түсіндірілді.

Келушілердің пікірінше, шара елордалықтардың бір жағынан көңіл көтеруіне, екінші жағынан экологиялық білімін арттыруға мүмкіндік берді. Іс-шарада белсенділік танытып, сайыстарға қатысқандар арнайы сыйлықтарды жеңіп, экологиялық тақырыпта суреттерді бояды. 

“Жасыл ел — болашақ үшін” акциясы астаналықтардың көңілінен шығып, табиғатты қорғауға деген қоғам назарын арттыра түсті.

Пікірлер