“Ресейдің кесірінен санкцияға ұшырауымыз мүмкін” - сұхбат

2849
Adyrna.kz Telegram

"Адырна" ұлттық порталының ютуб арнасында жаңа сұхбат жарияланды. Бүгінгі сұхбаттың спикері - журналист, саясаткер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи. 

Ютуб арнадағы сұхбатта ел болашағы, активтерді қайтару, 30 жылдағы Қазақстан, Ресейдің ықпалы сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

"Активтерді қайтару комиссиясының құрамын Үкімет жасақтайды. Біз кезінде осы активтерді қайтару  жөнінде Заң жобасы талқылау барысында осы комиссияны Парламент құрсын деген ұсыныспен шыққанбыз. Заң жобасына ұсынған өзгерісіміз өтпей қалды. Себебі мүдделі топтар болды, депутаттардың арасында деп те айтуға болады. Қазір ол комиссияны тек қана Премьер-министр құрады. Ол Үкіметтің шатырының астында өтеді", - деді Ермұрат Бапи.

Одан бөлек, сұхбат барысында қайтарылған активтер,  экс-президент пен оның туыстарына қатысты, елдегі салафизм мәселесі, мектеп пен мешіт тақырыптары талқыланды.

Пікірлер