Елімізде орташа зейнетақы көлемі төмендеді

2736
Adyrna.kz Telegram
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлердің орташа зейнетақы көлемі азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген.

"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге", – деп толықтырды ведомство.

2024 жылғы 1 маусымында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құраған болатын.

Пікірлер