Жемқорлықты заң емес, қоғам тоқтатады – Айдос Сарым

159
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжілісте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Жиында қоғамның сұранысына сай жаңа бастамалар мен жауапкершілік шаралары талқыланды. Осыған қатысты мәжіліс депутаты Айдос Сарым өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Жемқорлықты заңдар емес, қоғам тоқтатады. Қоғамның мәдениеті, медианың сұраулары мен пікірталасы, сондай-ақ азаматтардың белсенділігі ғана бұл мәселені шешудің негізгі тетігі болып табылады. Мысалы, кейбір өңірлерде бір-екі белсенді азамат мемлекеттік сатып алуларды қадағалап, әкімдерге жол талғамайтын көлік не үшін қажет деген сұрақтарды қойып жатады. Бұл жемқорлықпен күресудің нақты көрсеткіші», – деді депутат Мәжіліс отырысының кулуарында.

Айдос Сарымның пікірінше, бұл жұмысқа барлық өңірдің азаматтары белсенді түрде атсалысуы керек.

«Өкінішке қарай, кейбір өңірлерде азаматтық белсенділіктің жоқ екенін байқаймыз. Ол жерлерде дәстүрлі түрде 5-6 ғана үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Барлық өңірдің азаматтары қоғамның дамуы үшін белсенділік танытуы қажет», – деп қосты ол.

 

Пікірлер