Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлердің орташа зейнетақы көлемі азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 1 трлн 861,7 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген.
"2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 млн 391 мың адам. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге", – деп толықтырды ведомство.2024 жылғы 1 маусымында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құраған болатын.
Related news
The National Commission recommends strengthening measures to prevent children and adolescents from being left unattended
"You opened the way to a golden era": Tokayev congratulated Xi Jinping, who was elected as the President of the PRC for the third time
