Гитлерді «сымбатты» санап, желіде бейәдеп сөйлеген алматылық ару тергеуге алынды

1850
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Ұлы Отан соғысында фашистік Германияға қарсы соғысқан кеңестіктер мен қазақстандықтарды балағаттаған қыз тергеуге алынып, ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Полиция департаменті бейәдеп сөздер қолданып, ұлтқа тіл тигізген Алматы тұрғынының ұсталғанын хабарлайды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, тергеу басқа айыпталушылардың әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға беріледі», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков жағдай туралы хабарлаған болатын.

«Сипаттамада белгісіз бір Марал Жалелова есімді адамның TikTok-та ұлтаралық тақырыпта сөйлеген сөздері тараған. Қызық, оның сөздерінде Қылмыстық кодекстің 174-бабында (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) бабына жататын заң бұзушылық бар ма?». – деп жазды Козачков өзінің Telegram-каналында.

Видеолардың бірінде бойжеткен ата-бабалары фашистік Германияға қарсы соғысқан орыстар мен қазақтар туралы балағат сөздер айтып, сонымен бірге ол немі тердің қолбасшысы Адольф Гитлерге жанашырлық танытады.

«Мен үшін Гитлер сымбатты!» – деді қыз.

Оның сөйлеген сөзінде балағат сөздер бар, ал екінші бейнеде әңгімеге қатысушылардың кейбірі оның сөздеріне қосылып, ойын құптайды.

Пікірлер