Ақтауда 13 жастағы эпилепсиямен ауыратын қызды зорлаған бес баланың әкесіне сот үкімі шықты

1320
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда жасөспірім қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

«Ақтаулық бес баланың әкесі эпилепсиямен ауыратын 13 жастағы қызды зорлады. Іс бойынша айғақты заттар жиналып, сараптамалар жүргізіліп, оның кінәсі толық дәлелденді. Сот педофилді 22 жылға бас бостандығынан айырды», - делінген хабарламада.

Бұл оқиға зорлық-зомбылыққа қарсы «NeMolchiKZ» қорынан белгілі болды. Деректерге сүйенсек, бес баланың әкесі ұстама ауруына шалдыққан 13 жасар қызға бірнеше рет зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер жасаған.

Пікірлер