Зардап шеккендер бар. Алматыда автобус апатқа ұшырады (ВИДЕО)

1769
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 16 шілде күні Алматыда жолаушылар автобусының қатысуымен тағы бір жол апаты болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық көлік жеке үйдің қоршауына барып соғылған.

«Оқыс оқиға бүгін сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болды. Әшімов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Шаляпин бойындағы аялдамаға тоқтаған №137 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Нәтижесінде автобус инерция арқылы Шығыс жолға шығып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Апат салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті», - деді қалалық ПД.

Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Еске салайық, 26 маусымда Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына түскенін жазған едік.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Almaty News (@almatynews_kaz)

<

Пікірлер