Павлодарда төрт жолаушысы бар автобус шұңқырға құлап кетті

2009
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Павлодар облысында адамдар мінген автобус шахта маңында жер астына құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Майқайың кенішінің маңында төрт жолаушысы бар автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кеткен.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, опырылған жердің ұзындығы 150-200 метр, ені 500 метр, опырылған жердің тереңдігі 150 метр.

"Апат кезінде автобуста ТЖК ПВАСС Павлодар филиалының үш құтқарушысы мен жүргізушісі болған. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайнзолото» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушыларының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 44 адам, 13 техника және бір ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер