Алматы облысында автобус жол апатына ұшырады

3506
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-26_181448046.png
Алматы облысында жолаушылар автобусы жол апатына түсті, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жол апатына қатысты видео әлеуметтік желіде тарады. Видеода №203 жолаушылар автобусы жолдың шетіне шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Құлжа трактінде болған. Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Алматы облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 26 маусымда "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 24-шақырымында болғанын хабарлайды. 54 жастағы жүргізуші көліктің рөлін басқара алмай, кюветке шығып кеткен. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - дейді ПД өкілдері.
 
Комментарии