“Полиция неге қарап тұр?” Маңғыстауда ер адам әйелін пышақтап тастаған (видео)

5362
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап тастаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

Қайғылы оқиға Маңғыстау ауылында «Рахат» супермаркетіне жақын жерде болған.

Жантүршігерлік жағдайдың бейнесі 14 шілдеге қараған түні әлеуметтік желіде пайда болды. Ер адам әйелін қанжоса етіп пышақтап кеткен.

Полицейлер күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп жауап берді облыстық департамент.

Желіде тараған бейненің астына оқырмандар:

"Әйел тірі ме?", "Еркектерге не болған?", "Полиция аяғынан атпай не істеп тұр?", "Қарап тұратын полиция бізге керек пе?", "Қаншама ер адам тұр, бірақ ештеңе істемейді..." - деп түрлі пікір білдірген.

Пікірлер