Тыйым салынған тұстан өткен. Шымкентте ер адамды пойыз қағып кетті

1143
Adyrna.kz Telegram
Фото: None
Фото: None
Шымкентте ер адамды пойыз қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жергілікті Otyrar.kz мәліметінше, шымкенттік теміржолдың тыйым салынған тұсынан өткен.

Қайғылы оқиға Измайлов пен Жангелдин көшелерінің аралығында 21 қыркүйекте кешкі сағат 22:00 шамасында болды. Оқиғаның себебі мен мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Сайттың ақпаратынша, пойыз қатты жылдамдыққа енді қосыла бастаған, бірақ машинист оны тоқтатып үлгермеген. Жарақаттар тым ауыр болды, сондықтан ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұм 30-35 жаста болған.

Пікірлер