"Құны - 2 миллион теңге". Алматыда пластикалық ота жасатқан әйел ауруханада көз жұмды

1883
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Алматыда артық салмақтан арыламын деп ота жасатқан әйел көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Almaty.tv-ға сілтеп.

47 жастағы әйелдің не себепті қайтыс болғаны әлі белгісіз. Ота жасаған дәрігерлер әйелдің өміріне қауіп төнетіні туралы ескертпе жасамаған дейді марқұмның туыстары.

Қайғылы оқиға 5 шілде күні басталған. Ол қаладағы жеке емханалардың біріне денесіндегі артық майды алдырып тастау үшін барған. Марқұм Құралай Батырханның артында 3 ұлы қалды.

Әйел 8 шілдеде болатын туған күнін жаңа дене пішінімен тойлағысы келген.

"Неге айтпайды? Осындай жағдайлар болуы ықтимал деп неге ескертпеді? Мұндай жағдайлар 90%-дың 2%-да болуы мүмкін деп айтпады. Бұл жерде отадан соң 2 сағаттан кейін жолдасыңыз алып кетеді деп айтқан. Жүрегі тоқтап қалғаны анықталатын болса, дәрігерлерден жауапкершілік толығымен алынып тасталады", - дейді марқұмның сіңілісі Гүлнәр Батырханова.

Марқұм отаны 2 миллион теңгеге жасатқан. Әпкесінің жағдайынан жиі хабар алуға тырысқан сіңілісі марқұмның қайтыс болғанын да кейін білген. Әйелдің өлі денесін палатадан туыстарына ескертпестен мәйітханаға апарған.

Туған күнін тойлаудың орнына әйелдің денесін құшақтап, зар жылағандар әділдік сұрайды.

Пікірлер