Әлеуметтік желіде ер адамның қызға қол көтерген видеосы тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Massaget.kz-ке сілтеп.
Желіге жүктелген бейнеде әйел адамның соққы алған қызға жаны ашып, дәлел ретінде түсіріп алғанын айтады. Алайда оқиғаның қай күні және қай қалада болғаны туралы ресми ақпарат жарияланбаған.
Жігіттің қызды ұрған сәті видеоға түспеген. Себебі жігіт камераны көрген кезде қызды ұруды тоқтатқан.
"Мен мұны сіздің ұрғаныңызға дәлел болсын деп видеоға түсіріп тұрмын. Міне, қызды ұрғаныңызға мына әйел куә. Қызды жайына қалдырыңыз. Қазір полиция келеді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек", – дейді видео түсіріп тұрған әйел.