"Таңдау қалдырмады". Иран президенті көрші мемлекет басшыларына үндеу жасады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/2K9SUoOmdIKd9guXIUECZBX3UERFifhOsxwDkwA5.webp

Иран президенті Масуд Пезешкиан көрші және достық мемлекеттердің басшыларына үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Масуд Пезешкиан дипломатиялық жолмен қақтығысты болдырмауға тырысқанын хабарлады. 

«Құрметті көрші және достық мемлекеттер басшылары, біз дипломатиялық жолмен соғыстың алдын алуға тырыстық, бірақ америка-сионистік әскери агрессия бізге өз қорғанудан басқа таңдау қалдырмады», — деп жазды Пезешкиан әлеуметтік желі X-де.

Президенттің айтуынша, Иран көрші елдердің егемендігіне құрметпен қарайды. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы тұрақтылықты осы аймақ елдері қамтамасыз етуі тиіс деп есептейді.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастаған. 

Пікірлер