Полиция Қызылорданың қақ ортасында төбелескен жастарды ұстады

2694
Adyrna.kz Telegram
20 мамырға қараған түні Қызылорда қаласының орталығында жастар төбелесті. Жергілікті тұрғындар полицияға топтанған адамдардың төбелесіп жатқаны туралы хабарлаған. Әлеуметтік желілерде төбелес видеосы тарады. Екі жақтан келе жатқан топ жастар бір-бірімен сөзге келіп қалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция төбелеске қатысқан барлық 12 адамды анықтады. Олар 25-30 жас аралығындағы облыс орталығының тұрғындары. Қаланың қақ ортасында "тай-құлындай тебіскен" жастардың барлығы ұсталды. Олар міндетті медициналық тексеруден кейін полицияға жеткізілген.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі, "Бұзақылық" бойынша тергеу басталды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер