Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

1632
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Ноқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы бүгін, 1 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

– Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін Қырғызстанда қаза тапқан қазақстандық 4 баланың денесі елге жеткізілгенін жазған едік.

Пікірлер