Моңғолияда тұратын танымал қазақ дәрігері қаза тапты

13455
Adyrna.kz Telegram
Сурет: 24.kz
Сурет: 24.kz

30 маусымда Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нота Әнуарұлы жұбайы Бану Еншібайқызымен бірге жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі  24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қайғылы хабарды дәрігердің туыс-туғандары әлеуметтік желі арқылы жеткізді.

Нота Әнуарұлы — Моңғолияның Еңбек ері атағын алған санаулы қазақтың бірі. Ол  1945 жылы 24 қазанда дүниеге келген.

Ол  - Моңғолияның мемлекет қайраткері, Халық дәрігері, Моңғолияның Еңбек сіңірген адам дәрігері, Дүниежүзілік Нейрохирургия федерациясының мүшесі, Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, кеңесші нейрохирург, "АЧ" Медицина университеті хирургия кафедрасының меңгерушісі, "АЧ" клиникалық ауруханасының кеңесші дәрігері болған.

Нота Әнуарұлы 2021 жылы Моңғолияның Еңбек ері атағын алған болатын.

Пікірлер