Ауғанстанда нөсер жауын салдарынан бірнеше адам қаза тапты

869
Adyrna.kz Telegram
Фото: tj.sputniknews.ru
Фото: tj.sputniknews.ru

Ауғанстанның орталығында су тасқынынан 50-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті билік нөсер салдарынан су тасқыны болып, мыңдаған үйлер қирап қалғанын мәлімдеді.

"Гор провинциясының елу тұрғыны жұма күні су тасқынынан қаза тапты. Тағы бірнеше адам жоғалып кетті", - деді Гор провинциясының полиция өкілі Абдул Рахман Бадри.

17 мамыр күні аймаққа нөсер жаңбыр жауды. Мавлави тауларының орталық провинциясының ақпарат бөлімінің бастығы Абдул Хай Заим сөзінше, зардап шеккендердің саны әлі белгісіз. Дегенмен, Фероз-Кох провинциясының астанасында кем дегенде 2 мың үй қирап, 4 мыңы ішінара бүлінген.

Одан бөлек, 2 мың дүкен су астына қалып, жүздеген гектар ауылшаруашылық жерлері жойылған. Ауғанстанда қазір су тасқыны салдарынан бірнеше негізгі жолдар жабылып қалды.

Пікірлер