“Мүмкін емес деп ойладым”. ҰБТ-дан 140 балл иегері анықталды

8083
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 27-маусым күні ҰБТ-дан 140 балл иегері анықталды. Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылынан шыққан рекорд иесі Жаннұр Еңсебек “Адырна” тілшісіне алғашқы сезімдерімен бөлісті. 

Жаннұр Ұлттық біріңғай тестілеуде максималды 140 балдың 140-ын жинап, көпті тәнті етті. Атап айтқанда, Қазақстан тарихынан  - 20, Оқу сауаттылығы - 10,  Математикалық сауаттылық - 10, екі бейіндік пәннен мүмкін болған 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.  

Жаннұрдың таңдау пәні - информатика және математика. Ол тестілеуге дайындығын 10-сынаптан бастағанын айтты.

“Қаңтар айындағы алғашқы  ҰБТ-дан 121 балл иелендім, 1 айдан соң наурыз айында сынамалы ҰБТ-дан 137  балл жинадым. Бүгін, міне, соңғы межеде максималды 140 ұпайды жинауды бұйырыпты. Кеудемді қорқыныш биледі.  Десе де дайындығым жүйелі түрде болды. Бір күнімді бос жібермей оқып, еңбектендім.  140 балымның құпиясы сапалы білім берген Juz40 білім беру орталығында дайындалғанымның арқасы,-” дейді ол.

Сондай-ақ, ол алғашында өз нәтижесін көргенінде сенбегінін жеткізді:

«Өзім 140 балл мүмкін емес деп ойладым. Алғаш нәтижемді көргенде орнымнан атып тұрдым. Бірақ мен бұл балды өзіме мақсат еткен болатынмын. Мен үшін Juz40 білім беру орталығының жыл басында уәде еткен Hyundai Sonato автокөлігі үлкен мотивация болды” деп қосты ол.

Айта кетейік, Juz40 білім беру орталығы оқу жылының басында шекті 140 балл жинаған түлекке су жаңа Hyundai Sonato көлігін сыйға тартуды уәде еткен болатын. 

Жаннұр болашақта SDU университетіне тапсырып, « Ақпараттық-технологиялар»  IT маманы болғысы келетінін айтты.

Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылындағы N22 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жаннұрдың ұстазы, сынып жетекшісі Нұргүл Серікқызы шәкіртінің кішкентайынан алғыр, білімге құштар, оқудан бөлек өнері көп екеннін айтты:

“Жаннұр білімге құштар, өте сабырлы байсалды, озат оқушым, Алтын белгі иегерім.
Мектепте жан-жақты білім мен қатар шахмат ойнап, домбыра шерткенді ұнатады.
Мінезі салмақты, информатика пәнінен Алматы облысы бойынша бірінші орын иегері, ауыл олимпиадасының жеңімпазы. Дайындығына өте тиянақты қарады. Ертеден-ақ, мамандығын таңдап, дайындықты бастап кеткен,-” деді Нұргүл Күзембаева.

 

​​​​​​               Фариза Құрбанбаева

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер