Мемлекет басшысы Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттады

1293
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі журналистика мен телевидениенің дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы No 153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мыналарға берілді:

1. Малдыбаев Сәбит Ғалымұлы – «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы;

2. Өтеулиев Бауыржан Бабажанұлы – «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы;

3. Елена Андреевна Преображенская – «Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі» ЖШС бас редакторы;

4. Тілеубай Төлен Зәрубайұлы – «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранттары мыналарға берілді:

1. Бектас Ақерке Бағдабекқызы – Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Ақорда» бағдарламасының автор-продюсері;

2. Жанбатырова Динара Қиқпайқызы – «Хабар» Агенттігі» АҚ арнайы тілшісі;

3. Кәрбозов Әнуар Әлиұлы – «Жібек жолы» телеарнасының тілшісі;

4. Бияшева Гүлсезім Ерболатқызы – «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы алғысы жарияланды:

1. 24KZ телеарнасының шығармашылық ұжымына;

2. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы;

3. Baqkz ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымы;

4. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына.

Пікірлер