Қамауға алынған журналист Әділбеков әріптестеріне хат жазды

1657
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Астанада қамауға алынған журналист Данияр Әділбекоа уақытша ұстау изоляторынан хат жазып, әріптестеріне жүгінген. Хатьа 27 наурызда Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасы бойынша ұсталғанын айтады. Бұл туралы Press.kz жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Басылымның мәліметінше, журналистке ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы «Көрінеу жалған хабарлау» бойынша айып тағылды.

«Мен сіздерді, елдің тәуелсіз БАҚ-ын журналистік зерттеу жүргізуге шақырамын. Менің сұрағым бар: Ерлан Ақкенженовке бұл әдейі жалған айыптау екенін растау үшін тексеру болды ма? Мен оның үстінен құқық қорғау органдарына арыз жазған жоқпын, тек құзырлы органдарды (ал бұл ҚР Энергетика министрлігінің әдеп жөніндегі комитеті болуы мүмкін) шақырдым. Аргументтер қандай да бір жолмен тексерілді ме? Жауап жоқ. Елді талан-таражға салып, қазақ мұнайының эксклюзивті сатып алушысы Виттольдің мүддесін жақтайтындар, мені шындық үшін соттап жатыр деп есептеймін», - деді Әділбеков. 

Пікірлер