Мемлекет басшысы Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттады

1712
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/06/img_5184.jpeg
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі журналистика мен телевидениенің дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматтарға мемлекеттік наградалар тапсырды», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада. Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы No 153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мыналарға берілді: 1. Малдыбаев Сәбит Ғалымұлы – «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы; 2. Өтеулиев Бауыржан Бабажанұлы – «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы; 3. Елена Андреевна Преображенская – «Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі» ЖШС бас редакторы; 4. Тілеубай Төлен Зәрубайұлы – «Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранттары мыналарға берілді: 1. Бектас Ақерке Бағдабекқызы – Qazaqstan ұлттық телеарнасының «Ақорда» бағдарламасының автор-продюсері; 2. Жанбатырова Динара Қиқпайқызы – «Хабар» Агенттігі» АҚ арнайы тілшісі; 3. Кәрбозов Әнуар Әлиұлы – «Жібек жолы» телеарнасының тілшісі; 4. Бияшева Гүлсезім Ерболатқызы – «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы алғысы жарияланды: 1. 24KZ телеарнасының шығармашылық ұжымына; 2. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымы; 3. Baqkz ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымы; 4. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына.
评论
其他材料