Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт адам ұсталды

1207
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеп.

«26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурасымен келісе отырып және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматын ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, сотталушылардың бірі шетелде ұзақ уақыт тұрып, сол жақта радикалды діни идеологияға қатысы бар болуы мүмкін. Тінту кезінде діни әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар алынды», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 1 және 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер