БҚО-да лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдікті ұсталды

1418
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысында лаңкестік идеяларды насихаттады деген күдікті азамат ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеп.

«2024 жылдың 22 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның келісуімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында айғақ заттар алынды», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Ұсталған азамат бұрын қарапайым ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған», - деп қосты Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Пікірлер