Орталық Азияда солтүстік көршіміздің үгіт-насихаты қарқынды жұмыс істеп жатыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZNxwDQmotWn5uapLgobtE3An8zE2h8h9jyUkELXe.jpg

Орталық Азияда солтүстік көршіміздің үгіт-насихаты қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жеке байқауым бойынша "орыс әлемінің" күшіне сенетіндер саны көптігі бойынша Тәжікстан, одан соң Өзбекстан, кейін Қырғызстан, Қазақстанда да жетісіп тұрған жоқ.

"Көргенімді айтайын ба? Әлде естігенімді айтайын ба?" деуші еді ғой, сол сияқты көргенімді айтайын. 

2026 жылғы 8 мамыр күні Самарқандта Бибі ханым мавзолейінде жүрміз, РФ әйелдерінің (туристерінің) тобын көрдім, кіл алабажақ жіптерін тағып алған. Өздері айтатын "В чужой монастырь со своим уставом не ходят" деп алып, орысша айтқанда "демонстративно" тағып жүргені жиіркенішті көрінді. Қазақстанда да 31 мамыр күні жұмған аузын ашпай, 9 мамыр күні ғана таяққа тағып алып жүретіндер жетеді. 

Екінші оқиға. Ташкент әуежайында тұрмыз. Сөздерінен түсінгенім біздің Қарағандының кісілері, сөз арасында: "Қазақтар өзбекше түсінеді екен" деп таң қалып тұрды. Әрине, өзгенің сөзіне араласпаған жөн, бірақ, мына сөздерді естіп бұрылдым да: "біздер туыс халықпыз ғой" десем, олар: "ол қалай?" дейді. Мен де қоймаймын: "Сіздердің, яғни шығыс славяндардың бір-бірлеріңізді түсінетіндеріңіз сияқты ғой" десем: "біз украинша түсінбейміз" дейді. Әрине, түсінеді, түсінгенде қандай, түркі халқының өкілі мен түсініп тұрғанда олар түсінбейтініне сенбеймін. Жай есіме түсіп кетті!

Жалпы, Орталық Азияда солтүстік көршіміздің үгіт-насихаты қарқынды жұмыс істеп жатыр. Жеке байқауым бойынша "орыс әлемінің" күшіне сенетіндер саны көптігі бойынша Тәжікстан, одан соң Өзбекстан, кейін Қырғызстан, Қазақстанда да жетісіп тұрған жоқ. Ал, Түркіменстанды білмеймін, дегенмен, РФ онда да белсенді жұмыс істеп жатыр деп болжаймын!

Amandyq Amirkhamzin

 

 

 

Пікірлер