ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясына қатысты мәлімдеме жасады

1233
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстанның Голан биіктеріндегі бітімгершілік миссиясына қатысты 25 маусымда мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

«ҰҚШҰ Тұрақты кеңесі Қазақстан Республикасының ұлттық бітімгершілік контингентінің Голан биіктеріндегі қарусыздануды бақылайтын БҰҰ күштерінің құрамына тәуелсіз қатысуын құптайды. ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерінің әлеуетін одан әрі арттыру және олардың мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту», - делінген ҰҚШҰ баспасөз қызметі мәтінінен үзінді келтірген мәлімдемеде.

Ұйым ҰҚШҰ бітімгершілік күштері контингенттерін ұлттық бағдарламалар бойынша да, ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық» тұрақты бірлескен бітімгершілік оқу-жаттығулары форматында да, оның ішінде БҰҰ стандарттарын ескере отырып, жүйелі оқытуды жалғастыру туралы хабарлады.

«ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің БҰҰ бітімгершілік операцияларына ықтимал қатысуы аясында ҰҚШҰ-ның 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұжымдық қауіпсіздік стратегиясының ережелерін ұстана отырып, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылға дайындығын растайды», - делінген хабарламада.

Пікірлер