Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы (ҰҚШҰ) мүшелігіне қатысты «соңғы шешім» жуырда қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанян News.am агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
«ҰҚШҰ-ға келсек, Армения бұдан былай ишарамен емес, ашық түрде айтады. Бұл жағдай ұзаққа созыла алмайды. Егер ҰҚШҰ-дағы әріптестеріміз, соның ішінде Ресей Армения Республикасының егемен территориясына жасалған шабуылдан кейінгі бірнеше жыл бұрын қозғалған саяси мәлімдемелерді жасамайтын болса, онда Армения түпкілікті шешім қабылдайды», — деді дипломат.
Осылайша, Костанян Армения ҰҚШҰ-дан нақты қашан шығады деген сұраққа жауап берді.
Ұқсас жаңалықтар